Өскемен / Жаналықтар
Өскемен: 20 және 21 шағын аудандар мәселесі қашан шешіледі?

Өскеменнің шеткі аудандарында шешімін таппай келе жатқан мәселе көп. Тұрғындар осыған дейін жол мен ауыз судың жоқтығын айтып әлеуметтік желіге видео жүктеп, жергілікті биілікке шағымдарын жеткізген, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Шаһар басшысы Алмат Ақышов 20 және 21 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады.
Тұрғындардың айтуынша, мұндағы ең өзекті мәселе – ауыз су.
Шағын аудандарда қордаланған мәселе көп. Бұл жер учаскелері ешқандай инфрақұрылымсыз берілген. Біздің ендігі мақсат – жылдар бойы жиналған мәселені тез арада шешу. Халықпен кездесіп, келісімге келдік. Кезең-кезеңімен барлығын шешуге тырысамыз. Ауыз су осы айдың соңына дейін беріледі. ТҮКШ, ЖК және АЖ, құрылыс, сәулет бөлімдерінің басшыларына және тиісті ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді, - деді қала әкімі.
Қазір Иванов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік өкілдері жақында кейбір учаскелерде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, ескі құдықтар алынып тасталатынын айтты.
Айта кетейік, ел Президенті 2025 жылы халықты 100% сапалы ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Прокурорлар майдан шебінде

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?