admin
Жарияланды: 16:00, 08 октябрь 2024
Өскемен / Басты / Айтпайын десең...

Түнгі серуенге шыққан өскемендік ару айыппұл арқалады

Өскемен қаласының тұрғыны қос тұтас жолақтың бойымен серуендеген.

Бұл қылығын видеоға түсіріп, өзінің Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Алайда заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары бұл әрекетті бейжай қалдырмады. Оның жарияланымын бірнеше желі қолданушылары құқық қорғау органдары жедел ден қою үшін ШҚО Полиция департаментіне жіберген. 

Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тігетінін түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел адамның жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқанын көруге болады. 

Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді.

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

 
Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)