Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:57, 21 апрель 2025
Зайсан / Жаналықтар

Зайсанда мерген арулар анықталды

Зайсан ауданында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында оқ атудан «Мерген ару – 2025» атты ашық аудандық біріншілік өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Рамазанов Ришат Сағибекұлы, спорт ардагері Серікбаева Сәуле Жұмабекқызы, оқ атудан жарыс жүлдегерлері — Қанатбаевтар отбасы, Сейфуллина Дана және Қусанбаева Гүлзат құрметті қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі.

Жасөспірім қыздар арасындағы байқауды Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Аталмыш шараның ерекшелігі - қатысушы қыздардың ұлттық киіммен өнер көрсетті. Ол дәстүрімізге деген құрметті айқындай түсті деген пікірдеміз, - дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі мен мәслихат төрағасының атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар, арнайы номинациялар табысталды.

Айта кетейік, Зайсан ауданы бойынша 6702 адам Ұлы Отан соғысына қатысқан. 3229 адам оралса, 1817-сі майданда қаза тауып, 2923 адам хабар-ошарсыз кеткен.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж
Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Фоторепортаж
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде