Зайсан / Жаналықтар
Зайсанда 6 отбасы баспаналы болды

Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында алты отбасыға жаңа тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Кеңсай ауылдық округінде көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы алты отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталды.
Қоныс тойына аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева арнайы қатысып, аудан әкімі атынан жаңа қоныс иелерін құттықтады.
Мереке қарсаңында алты отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл баспаналар - мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі, - деді аудан әкімдігінің өкілдері.
Айта кету керек, өткен 2024 жылы көпбалалы отбасыларға 232 пәтер, ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер пайдалануға берілген.
Биыл жоспар бойынша 180 пәтер салу және сатып алу жоспарланған.
Фото: zaisan_audany_akimdigi
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар