admin
Жарияланды: 14:18, 29 октябрь 2024
Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Енді кәсіпкерлер жеке меншік ХҚКО аша алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО-ның кейбір қызметтерін жеке меншікке беру туралы шешім қабылдады.

Енді кәсіпкерлер серіктестікке өтінім беріп, жекеменшік қызмет көрсету орталықтарын аша алады. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Бұған дейін ХҚКО құру мүмкіндігі банктермен, Қазпошта және жекелеген нотариустармен шектелген болатын. Алайда ауылдық жерлерде филиалдар сирек ашылатын. Шалғай аудандардың тұрғындары анықтама алу үшін аудан орталықтарына немесе қалаларға баруға мәжбүр болды. Енді кәсіпкерлер шалғай елді мекендерде осындай орталықтар құра алады. 

Бұл ретте мемлекеттік корпорация серіктестер қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізе алмайтынын атап көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру дербес ақпаратқа қол жеткізуді бақылай отырып, ХҚКО жүйесі арқылы өтетін болады. Серіктестер тек құжаттарды қабылдаумен және берумен айналысады, ал оларды өңдеу процессі мемлекеттік органдарда қалады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 28 қазанынан 8 қарашаға дейін жалғасады. Серіктестіктің үш түрі ұсынылады: 

• Мемлекеттік корпорация агенті – жасаған қызметі үшін ақы алу мүмкіндігімен Мемлекеттік корпорация атынан мемлекеттік қызметтерді көрсету;

• Жүйе серіктесі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсететін жеке орталық құру;

• ХҚКО-ны сенімгерлік басқаруға алу – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жоғары сапада көрсету мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығын басқару.

Фото: diapazon.kz

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)