Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең...
Ермек Көшербаев: «Уақыт белдеуіне қатысты сұраққа министрлік жауап берсін»
Шығыс Қазақстан халқына қолайсыздық туғызған уақыт белдеуіне қатысты сұрақ бүгін Өскеменде өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде тағы да қойылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Тағы да деп екпін түсіріп отырған себебіміз, уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мәселе кейінгі кезде қоғамның наразылығын туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл тақырыпты отандық БАҚ дүркін-дүркін көтеріп, халықтың үнін жоғарыға жеткізуге тырысып келеді. Көптің көкейіндегі сауалды Press.kz журналисі Жәния Ұранқаева облыс әкімі Ермек Көшербаевқа қойды.
- Неліктен сіз облыс тұрғындарының пікірін ескеріп, уақыт белдеуін өзгертудің тиімсіз екенін жауапты министрлікке жеткізбедіңіз? Бізге, журналистерге тиісті министрлік «уақытты өзгертуге Шығыс Қазақстанның халқы қарсы емес» деп жауап берді. Ал облыстың басшысы ретінде шығыста уақытты жылжытуға болмайтынын неге айтпадыңыз? Неге халықты қолдамадыңыз? – деді Жәния Ұранқаева.
Өңір басшысы бұл мәселеге қатысты деректер тиісті министрлікке жолданғанын айтты.
- Үкімет берген тапсырманы орындау мемлекеттік қызметші ретіндегі міндетіміз. Халықтың арызы мен пікірі тиісті инстанцияға жеткізілді. Оның ішінде тұрғындардың тез қараңғы түсетіндіктен ештеңеге үлгермейтіні, баланы балабақшадан жай алатыны, денсаулық жағдайына алаңдауы, жұмыстан жай шығатыны бәрі ескерілді. Әлеуметтік желідегі ақпарат түгел жинақталып, министрлікке жолданды. Ендігі мәселені министрліктен сұраңыздар, – деді Ермек Көшербаев.
Фото: t.me/shko_resmi
Қатысты сілтемелер:
Қытайға жеткен Зайсанның газы ауылдарға неге жетпеді?
Өскеменге жаңа әкімді қашан тағайындайды?
Ермек Көшербаев: «Уақыт белдеуіне қатысты сұраққа министрлік жауап берсін»
«Неге халықтан қашып жүрсіз?» - ШҚО әкіміне Маралдыға қатысты сұрақ қойылды
Үш ауданды байланыстыратын тасжол қашан пайдалануға беріледі?
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
«Неге халықтан қашып жүрсіз?» - ШҚО әкіміне Маралдыға қатысты сұрақ қойылды
Шығыста ат спортының басынан бағы тайды ма?
«Қараңғы қала қауіпті». Өскеменде жарықтандыру жүйесі қашан жаңғыртылады?