admin
Жарияланды: 16:00, 09 декабрь 2024
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Айтпайын десең... / Күршім

«Неге халықтан қашып жүрсіз?» - ШҚО әкіміне Маралдыға қатысты сұрақ қойылды

Фото: t.me/shko_resmi

«Маралдыға келуге не кедергі? Неге халықтан қашып жүрсіз?» деген әлеуметтік желі қолданушысының сауалын «Хақ медиа» журналисі Қожахмет Кеңесбеков Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа қойды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

- Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылының экологиясына қатысты көп сұрақтар қойылады. Әлеуметтік желі қолданушысы былай деп сұрақ жолдапты: «Маралдыға келуге не кедергі? Неліктен халықтан қашып жүрсіз?». Жалпы ауыл халқы екі жылға жуық уақыттан бері Маралдыға келе алмай жатқаныңызды айтып отыр. Осыған жауап берсеңіз,  – деді Қожахмет Кеңесбеков.

Бұл сұраққа облыс әкімі: 

– Кім айтты мені қашып жүр деп? Мен айттым, барам дедім. Уақыт келгенде барамын. Облыста 300-ден астам ауыл бар. Маған айтыңызшы, неге онда Маралды халқы төрт жылда ауылға қанша ақша бөлінгенін айтпайды? Биыл бір жылда 1,5 млрд теңге бөлінді, ал оның алдындағы төрт жылда жиыны 500 млн теңге бөлінген. Осыны неге айтпайсыздар? – деді.

Бүгін Өскеменде Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі өтті. Брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

 

Фото: t.me/shko_resmi

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағында қыруар ақша жұмсалған жобалар неге аяқталмай қалды?
25.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Тарбағатай / Марқакөл / Шекаралық аудан
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде