Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Өскемен
Өскемендегі Шығыс кентіне ауыл мәртебесі берілуі мүмкін

Өскемендегі Шығыс кенті әлі ауыл статусын алмаған. Бұл жағдай тұрғындарды бірқатар жеңілдіктен айырып отыр. Сол себептен мектеп пен балабақша қызметкерлері жалақысына үстемақы қосылмайды.
Кентке ауыл мәртебесі берілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов Прудхоз, Ново-Явленка, Шығыс кенті және 28 шағын аудан тұрғындарымен өткізген кездесуде айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.
- Алдағы уақытта Шығыс кентіне ауыл мәртебесін беру мәселесін қарап жатырмыз. Ауылда амбулаторлық пункт болғанымен, штаттық дәрігер жоқ. Егер мамандар барғысы келсе, әкімдік тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді әкім.
Кездесуде жол жөндеу, су құбырын тарту, ортақ кәріз жүйесін қосу мәселесі де көтерілді.
- Былтыр орталық көше ішінара жөнделген, бірақ жанындағы арықтар ашық қалды, - дейді ауылдықтар.
- Мұстафа Шоқай көшесіне жол салған мердігер компания алдағы уақытта бұл жұмысын аяқтауға міндетті. Бұдан былай бөлінген қаражатты және мердігердің жұмысын халық өзі бақылайды. Халық мердігер тапсырған нысанға көңілі толса ғана, біз қабылдаймыз, - деді шаһар басшысы.
Фото: online.zakon.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатайда салтанатты түрде ашылған мектеп әлі күнге бос тұр
Қайырымдылық күні: Өскеменде қандай шаралар өтеді?
«Ұланым» – шетелдік саяхатшылардың жүрегін тербеткен ән
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жаңа мүмкіндіктерге есік ашылды
Шығыстағы салауатты бастама: Жалғызтал ауылы ішімдіктен толық бас тартты
Тағыда оқи отырыңыз:

Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағында қыруар ақша жұмсалған жобалар неге аяқталмай қалды?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Өскеменнің 33 балабақшасында бос орындар бар