Жарияланды: 00:17, 29 январь 2025
Басты / Не жаңалық? / Өскемен

Өскеменде 22 шағын ауданның мәселесі 20 жыл бойы шешілмей келеді

Өскеменнің шеткері аудандарында электр энергиясының тапшылығы артып отыр. Халық саны жыл санап өсіп келеді, ал трансформаторлар оған лайықталмаған. 

Бүгін 23 шағын аудан тұрғындары электр жарығының жиі өшуіне байланысты талап-тілектерін білдірді.

Қала әкімі Алмат Ақышов халықпен кездесіп, проблемаларын тыңдады. Тұрғындардың айтуынша, бұл ауданда жарық мәселесі 20 жылдан бері шешімін таппай келеді. 

Қала басшысы 23 ауданның бастамашыл тобын конструктивті диалог құру  үшін әкімдікке кездесуге шақырды. Ал осы ауданда тұратын халықпен жүздесу алдағы сенбіге жоспарланған.

Айта кетейік, өткен сенбіде 19, 20, 21 ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында да электр мәселесі өзекті екені айтылды. Алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы қордаланған бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.


Фото: liter.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)