Жарияланды: 14:09, 07 февраль 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Зайсан

Айнабұлақ тұрғыны бес адамды өрттен аман алып қалды

Бүгін таңертең Айнабұлақ ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үй ішінде қалған төрт бала мен бір қария құтқарылды.

Қауіпті жағдайда алғашқы болып көмекке келген ауыл тұрғыны Талғат Мүсірат батылдық танытып, адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Өрт сағат 10:00 шамасында басталған. Жалын шарпыған үйден шыға алмай қалған балалар мен қарияның жан даусын естіген Талғат Мүсірат еш ойланбастан ішке кірген. Ол балаларды және үлкен кісіні терезе арқылы сыртқа шығаруға көмектесіп, оларды сыртта тұрған адамдар қабылдап алған.

Талғаттың жылдам әрекеті мен батылдығы бес адамның өмірін сақтап қалды. Оның бұл ерлігі ауыл тұрғындарының арасында үлкен құрметке ие болды. Куәгерлер мен көршілері оның қайсарлығын жоғары бағалап, шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Осындай батыл азаматтарымыз көп болсын!

Фото: ШҚО ТЖД

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж