Басты / Жаналықтар
ШҚО-да ұйымдастырылған ақпараттық турға шетелдік блогер келмеді

Былтыр Шығыс Қазақстан облысында туристік іс-шараларды ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Ведомство басшысының айтуынша, 2024 жылы желтоқсан айында өңірлік «Туристік ақпарат орталығы» КМК блогерлер мен БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкермен 7,3 миллион теңгеге келісімшарт жасаған. Нәтижесінде орындаушы, яғни жеке кәсіпкер келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді толық орындамаса да тапсырыс беруші жұмыстың атқарылғаны туралы актіге қол қойған.
Іс-шараға шетелдік блогерлер қатыспаған, ал келісімшартқа сәйкес олар қатысуы керек болған. Сондай-ақ шарт талаптарына сай келмейтін көлік қолданылған. Сметаға енгізілген қызметтердің бір бөлігі – брендинг жасалмаған. Ал шартта көрсетілген міндеттемелердің орындалуын дұрыс қадағаламау бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеліп соғуы мүмкін, – деді Денис Шакенов.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Референдум - 2024

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?

Көшкен ел, көріксіз ауыл... Қайта құрылған Марқакөл ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай?