admin
Жарияланды: 15:30, 06 сентябрь 2024
Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Депутаттар ШҚО-ға бұрынғы уақыт белдеуін қайтармақ

Парламент депутаттары елдің шығыстағы өңірлеріне уақыт белдеуін қайтару керек екенін айтты.

Өйткені жергілікті халық үшін жаңа уақыт белдеуі тиімсіз, сондықтан бұған қатысты шағым да көп болды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Парламент депутаты Мақсат Толықбайдың айтуынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарының халқы уақыт белдеуіне қатысты сұрақтарды көп қойған екен. 

     - Ел бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр. Қостанай, Батыс Қазақстан үшін осы уақыт белдеуі ыңғайлы шығар, бірақ шығыс үшін тиімсіз. Жер үлкен болған соң уақыт белдеуі алдын ала зерттелуі керек еді, - дейді Мақсат Толықбай.

Осы мәселе бойынша «Аманат» фракциясының арнайы жиыны өтіпті. Енді депутаттар Парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткізіп, шығыстағы уақыт белдеуі бойынша мәселені Үкімет мүшелерінің, ғалымдар мен мамандардың қатысуымен талқылауды көздеп отыр. 


Фото: syrboyi.kz

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)