Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?
АЭС салына ма? Референдумның нәтижесі белгілі болды
Қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Соңғы деректер бойынша, референдумға қатысуға құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны - 12 млн 284 мың 487. Дауыс беруге 7 млн 820 мың 204 адам қатысқан, бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.
- АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын немесе 5 млн 561 мың 937 адамды құрады. Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселеге қарсы дауыс берген адамдардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 млн 45 мың 271 болды, - деді Нұрлан Әбдіров.
Дауыстарды санау кезінде есепке алынбаған бюллетеньдер саны - 82 729. Сондай-ақ 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Фото:
Liter.kz
Қатысты сілтемелер: