Басты / АЙДАРЛАР
Халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады - Exit poll

Exit poll нәтижесі бойынша ел тұрғындарының 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама өткізген болатын.
Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Оларға референдум аясында қойылған. АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген.
Айта кетсек, 20:00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.
Фото: arbatmedia.kz
Қатысты сілтемелер:
ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады
Даниял Ахметов "Елім-ай" ойыншысы атанды
Шымкентте 71 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
Арнайы жасақ қылмыскерді ұстады: Өскеменде балалар полицияның қызметімен танысты
Қабанбайлықтар ауылды гүлдендірді - ШҚО