admin
Жарияланды: 12:00, 08 октябрь 2024
Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Референдумның қорытындысы жарияланды

Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 6 қазанда өткен республикалық референдумның қорытындысын жариялады.

7 қазанда референдум комиссиясының брифингінде референдумның алдын ала нәтижесі жарияланған болатын, деп хабарлайды F16.kz сайты.

- Референдумға қатысу құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны – 12 млн 284 487. Олардың 63,66 пайызы немесе 7 820 204 дауыс беруге қатысты, - деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдаған. Ал қарсы дауыс бергендер саны – 2 045 271 адам.


Фото: avestnik.kz


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)