Жаналықтар
Экология министрі: ШҚО-ның орман шаруашылықтары өрт маусымына дайын болмады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында өрт маусымына дайындығы нашар өңірлерді атады.
7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман шаруашылықтары және «Семей орманы» резерваты өрт маусымына дайын болмады, — деді Ерлан Нысанбаев.
Кемшілікке жол берген әкімдіктерге 15 сәуірге дейін анықталған кемшіліктерді жойып, техника мен жеке құрамды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру туралы талап қойылды.
Өрттің ағымдағы жағдайына келсек жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4 831 гектар аумақты қамтыған 32 орман өрті тіркелді, — деді министр.
Фото: ҚР ТЖМ
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Қазақстанда спорт қалай дамып жатыр?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?