Жаналықтар
Жолдарда бақылау күшейтілді – ШҚО

ШҚО-да 19 сәуірден бастап жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы тәртіпті арттыруға және жол жүрісі қағидаларын сақтау мәдениетін көтеруге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Акция барысында тәртіп сақшылары жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды және жолаушылар мен мектеп автобустарының техникалық жай-күйін тексеруге баса назар аударады.
Қарсы бағытқа шығу, масаң күйде көлік жүргізу, жылдамдықты асыру сияқты өрескел құқықбұзушылықтар анықталып, алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ балаларды тасымалдау талаптарының сақталуы мен қауіпсіздік белдігін тағу мәселесі де жіті тексеріледі, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратады.
Фото: m.kolesa.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Қазақстанда спорт қалай дамып жатыр?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?