Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:04, 12 май 2025
Жаналықтар / Біздің медицина

ШҚО-дағы ауруханаларда Ашық есік күні өтіп жатыр

Бүгін ШҚО-дағы барлық қалалық және аудандық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Аталмыш шара «Репродуктивті денсаулық апталығы» шеңберінде ұйымдастырылып отыр. 

Тұрғындар бүгін сағат 13:00-ге дейін білікті мамандардан тегін кеңес алып, репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, алдын алу тексерістері жайлы ақпарат ала алады.

Фото: pixabay.com

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)