F16.KZ
Жарияланды: 14:00, 12 май 2025
Жаналықтар

Доссордағы жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

Атырау облысының Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ол 40 шақырым радиустағы 15 мыңнан астам адамның өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрт пен басқа да төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартпақ, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Заманауи модульдік ғимарат жергілікті бюджет есебінен қысқа мерзімде салынды және тәулік бойы жұмыс істеуге қажетті барлық заттармен жабдықталған. Мұнда диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және ас үй бар. Кезекші ауысым үш машинамен (оның ішінде автоцистерналар мен жедел ден қою автокөлігі де бар) қамтамасыз етілген.

Жаңа депоның салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты.

Шыңғыс Әрінов ауылдық инфрақұрылымды дамыту мен шалғай аудандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру министрліктің негізгі міндеті болып қала беретінін атап өтті. Ол жергілікті биліктің осындай жобаларды іске асырудағы рөлінің маңызы ерекше екенін де айтты.

Мұндай жобалардың жергілікті әкімдіктердің белсенді қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны қуантады. Бұл жергілікті жердегілер төтенше жағдайлардың профилактикасы мен оларға дайындықтың маңызын жақсы түсінетінін көрсетеді. Біз жаңа нысандарды салып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін толыққанды жағдай жасаймыз. Жаңа депоның жарақтандырылуы елордалық бөлімдерден кем түспейді. Мұның бәрі шақыруларға тез ден қоюға мүмкіндік беріп, өңірлерге білікті кадрларды тартуға және олардың сол жерде тұрақты қызмет атқаруына жол ашады, – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, 2025 жылы облыстың тағы бірнеше ауданында дәл осындай нысандарды ашу жоспарланып отыр.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: ҚР ТЖМ

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)