F16.KZ
Жарияланды: 10:00, 13 май 2025
Жаналықтар / Басты

LRT ісі: халықаралық іздеуде жүрген Талғат Ардан ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды, деп хабарлайды F16.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары оны Түркияның Анталья қаласында тұтқындаған.

9 мамырда Анталья қалалық соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау жөнінде шешім шығарды, қазір ол қамауда, деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары аталған тұлғаны елге қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана сотының шешімімен Т.Ардан Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі және 361-бөлігі, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға сырттай сотталған.

Фото: F16.kz/коллаж

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)