F16.KZ
Жарияланды: 10:30, 13 май 2025
Жаналықтар

Жүксалғыштағы жарты миллиард теңге: Текеліде заңсыз сауданың жолы кесілді

Жетісу облысының Текелі қаласында Теміртау тұрғыны ұсталды. Оның көлігінің жүксалғышынан полиция қызметкерлері киіктің 300-ден астам мүйізін тапты, деп хабарлайды F16.kz.

Күдіктіні облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен және ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментімен бірлесіп атқарған операция барысында қолға түсірді.

Subaru автокөлігін тінту барысында табылған айғақ заттар сот сараптамасына жіберілді. Алдын ала есептеулер бойынша мемлекетке 539 миллион 667 мың теңгені көлемінде шығын келтірілген.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, браконьерлік үшін жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін тыйым салу түріндегі қосымша жаза да қарастырылған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергейді.

Фото: ІІМ

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)