Колледждерде кәсіптік лагерь ұйымдастырылады – ШҚО

Биыл Шығыста оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін түрлі бағыттағы лагерьлер ұйымдастырылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева айтып берді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Өңірдегі колледждерде 4 жылдан бері мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында жазғы лагерьлер ұйымдастырылып келеді. Онда балалар түрлі мамандықпен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқушылар облыс аумағынан бөлек Алматыдағы «Бөбек» және Щучье және Қонаев қалаларындағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтара тегін демала алады. Жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орталықтарында 126 бала демалыс үлгерген, жазғы маусымда тағы 338 балаға жолдама берілмек.
Айта кету керек, облыста балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық штаб жұмыс істейді. Қазіргі күні суға түсу аймақтарында сүңгуірлер су түбін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни, әр лагерь санитарлық талапқа сай дайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін биыл жүзеге асатын «Киелі Шығыс» жобасы туралы және «Қонақжай отбасының» ауқымы кеңейетіні жайлы жазғанбыз.




