Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:09, 13 май 2025
Жаналықтар / Қылмыс

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды – ШҚО

Өскеменде ұшақ бортында және әуежайда тәртіп бұзған 79 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

«Өскемен-1» станциясындағы желілік полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда темекі шеккен, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен және мас күйде жүрген 77 адамды, ұсақ бұзақылық жасаған 1 адамды және терроризм туралы жалған ақпарат берген тұрғынды ұстаған. 

Шемонаиха ауданының тұрғыны терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат берген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оған бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, - дейді желілік полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ тәртіп сақшылар өз кезегінде ұшақ бортында және әуежайларда тәртіп бұзу – адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады. 

Фото: pixabay.com

 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)