F16.KZ
Жарияланды: 11:00, 14 май 2025
Жаналықтар

Абай облысында ұлттық парк қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

Абай облысының Үржар аудандық прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады, деп хабарлайды F16.kz.

Құзырлы орган өкілдері тексеру кезінде «Тарбағатай» ұлттық паркінде жұмыс істейтін 15 инспектордың қызметке қабылданғанда жоғары білім туралы жалған диплом ұсынғанын әшкереледі. Тергеу барысында кейбір инспекторлардың бұл салада 10 жылдан астам уақыт істегені белгілі болды.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігіне сәйкес (көрінеу жалған құжатты пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратураның хабарлауынша, жалған құжатты пайдаланған азаматтар 160 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Фото: egov.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)