F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 14 май 2025
Жаналықтар

Иорданияға тікелей рейс ашылады  

Еліміздің көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірген. Осыған орай, кездесу барысында тараптар әуе қозғалысы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып, елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар Хамза Әл-Омари мырза Royal Jordanian әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспары туралы хабарлады.

Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Тараптар елдер арасындағы теңіз кемесі экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану жөніндегі келісімге қол қою мерзімі туралы келісті.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)