Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 2 мыңнан астам студент қатысты – ШҚО

Бүгін Өскеменде жұмыссыз азаматтар, білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыс берушілер бір алаңда бас қосты. «Шығыс маманы» деп аталатын бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 2 мыңнан астам адам қатысып, түрлі мекемелермен тілекей байланыс орнатты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың төртінші тоқсанында елімізде жұмыссыздар саны 448,2 адам болған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Finprom басылымының ақпараты бойынша, адамдардың дені жұмыссыздық себебін лайықты қызмет таба алмағаннан деп көрсеткен.
Шығыс Қазақстанда жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жиі өткізіліп тұрады. Тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік.
Марқакөл ауданы әкімдігінің өкілдері де «Шығыс маманы» жәрмеңкесіне арнайы келген. Олар мемлекеттік қызметке қызығушылық білдірген жас мамандарды жаңа ауданға шақырды.
Студенттер қатарында ауылдық жерге барып, туған елге еңбек еткісі келетіндер де бар. Олардың бірі - С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Гүлім Тілеубергенова.
Фото: F16.kz




