F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 14 май 2025
Жаналықтар

UFC: биылғы жаздың басты жекпе-жектері белгілі болды

UFC америкалық промоушенін президенті Дэйна Уайт алдағы болатын басты турнирлердің уақытын және қатысушыларының есімін атады, деп хабарлайды F16.kz.

Бірінші кезекте UFC 317-де жеңіл салмақтағы белбеу үшін бразилиялық Чарльз Оливейрамен испандық өкілі Ілияс Топурияның кездесуі тұр. Бұл жекпе-жек биылғы 28 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Топурия бір рет қорғаған жеңіл салмақтағы белбеуден бас тартты. Ал оның қарсыласы жарты жыл бұрын Майкл Чандлерді жеңген.

Жаздың тағы бір супер жекпе-жегінде Хамзат Чимаев пен Дрикус Ду Плесси орта салмақтағы «кім мықтыны» анықтайды. Бұл жекпе-жек 17 тамызда Чикагода (АҚШ) өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, бұл дивизиондағы белбеу бір жылдан астам уақыт бойы оны екі рет сәтті қорғаған оңтүстікафрикалық Ду Плессиге тиесілі.

Чимаев титулдық жекпе-жек үшін бірінші рет шыққалы тұр. Ол соңғы рет Роберт Уиттакерді мерзімінен бұрын жеңген.

Сондай-ақ Дэйна Уайт жартылай орта салмақта Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена күш сынасуы мүмкін екенін де айтты.

Бірақ кездесу мерзімі мен өтетін жері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Осы аралықта белгілі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов та жарақатынан сауығып, қатарға қосылуы мүмкін.

Естеріңізде болса, Джек Делла Маддалена биылғы 11 мамырда UFC 315-те Белал Мұхаммедті жеңіп, жартылай орта салмақ чемпионы атанған.

Фото: instagram/ufc

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)