Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:50, 15 май 2025
Жаналықтар / Басты

38 градус: ШҚО-да аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш күн Шығыста жауын-шашынсыз, аптап ыстық болуы ықтимал.

Өскемен қаласында 16-17 мамыр күндері ауа температурасы +30...+32 °C-қа дейін жетеді. Аспан ашық, жауын-шашын күтілмейді, - дейді синоптиктер.

Ал, облыстың оңтүстігінде күн +36 °C... +38 °C-қа дейін ысиды. Шығыс бөлігінде салыстырмалы түрде күн салқын +20...+25 °C аралығында болады. 

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі өңірде өрт қаупі әлі де сақталатынын ескерткен. Күн райының күрт ысуына байланысты ақ халаттылар да облыс тұрғындары мен қонақтарына күн көзінде ұзақ болмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Фото: meteomedia.com

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)