F16.KZ
Жарияланды: 16:00, 15 май 2025
Жаналықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика саласын цифрлық трансформациялау бойынша ведомствоаралық жобалық топ құруды ұсынды, депх абарлайды F16.kz.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар жәнеа эроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның құрамына көлік, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, қаржы министрліктерінің, мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның, сондай-ақ авиация және логистика салаларындағы ірі қатысушылардың өкілдері енді. Топтың мақсаты — транзиттік және мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға және саланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі цифрлық шешімдерді әзірлеу.

Жобалық топтың негізгі міндеттері – логистикадағы бизнес-процестерді реинжиниринг жасау, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді талдау және интеграциялау, нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау, саланың мақсатты архитектурасы мен ИТ-инфрақұрылымын әзірлеу, стратегиялық нүктелерде, оның ішінде «Қорғас» ХШЫО-да цифрлық шешімдерді енгізу, «Қазақстан темір жолы» жүйелерінен Smart Data Ukimet мемлекеттік деректер жүйесіне логистикалық деректерді беру және өңдеуді қамтамасыз ету, халықаралық үздік тәжірибелерді зерделеп, бейімдеу.

Жобалық топ апталық спринт форматында жұмыс істейді. Бұл тәсіл барлық бағыттар бойынша тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз етеді.

Қойылған міндеттерді жедел және нақты іске асыру үшін бейінді ведомстволар мен ұйымдардың қызметкерлері толық жұмыспен қамту жағдайында жобалық топтағы жұмысқа іссапарға жіберілді.

Фото: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)