Күн күрт суиды: Қазгидромет ескерту жасады

Мамырдың 19-20 күндері еліміздің бірқатар аймағында күн күрт суып, жауын-шашын болады. Кей аймақтарда бұршақ жауып, жел соғады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл күндері еліміздің үш ірі қаласында және Шығыс Қазақстан облысында ауа райы келесідей болады:
Астана
Күн бұлттанады, бірақ жаңбыр жаумайды. Секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде+9°C, күндіз +21°C болады.
Алматы
Күн бұлттанып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13°C, күндіз +22°C көрсетеді.
Шымкент
Күн бұлттанады, бірақ жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15°C, күндіз +28°C көрсетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Облыс орталығы – Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашын болады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15°C, күндіз 18°C көрсетеді.
Фото: F16.kz




