Шымкентте университет басшылығы жымқырған ақшаға коттедж бен қымбат көліктер сатып алған

Шымкенттің жоғары оқу орындарының бірінде ірі көлемде ақша жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды F16.kz.
ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ?
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директоры, сондай-ақ жоғары оқу орнының мердігерлік ұйымдарының басшылары бар. Оларға 256 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.
ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛАЙ ЖЫМҚЫРДЫ?
Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгеге жалған келісімшарттар жасағаны анықталды. Бірақ бұл жұмыстар іс жүзінде жүргізілмеген, бюджет қаражаты жалған актілер негізінде серіктес мердігерлік ұйымдардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақша түрінде шешіп алынған.
АҚШАНЫ ҚАЙДА ЖҰМСАДЫ?
Төрт күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Фото: ҚР ҚМА




