F16.KZ
Жарияланды: 10:00, 20 май 2025
Жаналықтар

Туризмге тұғыр болған ынтымақтастық: Қытайдың озық тәжірибесін ШҚО-да пайдаланбақ

Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Алтай қаласының аумағында орналасқан «Цзян Цзюнь Шань» халықаралық тау-шаңғы курортына барды, деп хабарлайды F16.kz.

«Цзян Цзюнь Шань» – Қытайда қала инфрақұрылымымен толық біріктірілген жалғыз тау-шаңғы курорты. Курорттың жалпы аумағы – 7,5 шаршы шақырым. Мұнда сегіз аспалы жол мен 11 лента іспетте скөтергіш жұмыс істейді, олардың жалпы өткізу мүмкіндігі сағатына 16 мың адамға дейін жетеді. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі спортшыларға арналған жаттығу аймақтары қарастырылған.

«Цзян Цзюнь Шань» – Қытайда қала инфрақұрылымымен толық біріктірілген жалғыз тау-шаңғы курорты. Курорттың жалпы аумағы – 7,5 шаршы шақырым. Мұнда сегіз аспалы жол мен 11 лента іспеттес көтергіш жұмыс істейді, олардың жалпы өткізу мүмкіндігі сағатына 16 мың адамға дейін жетеді. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі спортшыларға арналған жаттығу аймақтары қарастырылған.

Курорт нысандары Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы (FIS) тарапынан сертификатталған, бұл әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Қазір курорт аумағында инфрақұрылым қарқынды дамып жатыр: шаңғы залы, екі тау қызмет көрсету орталығы, қонақтарға арналған апартаменттер, жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын жаңа трассалар мен өзге де нысандардың құрылысы қолға алынған.

Курортты аралау барысында Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне өз өңірлерінің жер бедері мен туристік әлеуетін ескере отырып, осындай тау-шаңғы инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығына өңір спортшыларына осы курорт базасында жаттығу мәселесін қарастыруды жүктеді.

Көрші елден көрген-түйген тәжірибе Риддерде салынатын «Анатау» курорт жобасында қолданылады.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)