Жаналықтар
Қыркүйекте студенттердің шәкіртақысы өседі

1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені болады. Айта кету керек, бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артқан.
Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Жатақханалардағы орын тапшылығы да жыл өткен сайын азайып келеді. 2019 жылы 82 500 орыннан 2024 жылы 14 873-ке азайған, - деді Ешенқұлов.
Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылатынын да атап өтті.
Фото: globenewswire.com
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы