Жаналықтар
Абай облысының экс-әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Оның жаңа лауазымда өнеркәсіп пен құрылыс саласына жетекшілік ететіні айтылған.
Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген. Оның үш жоғары білім бар: инженер-механик, экономист-менеджер және инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтаждаушы болып бастаған. Кейін Семей қаласындағы «Казпромтехмонтаж» мекемесінде шебер, прораб болып жұмыс істеген. Бұдан соң түрлі компанияларда және мемлекеттік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған.
2022 жылғы 11 маусым мен 2025 жылғы ақпан аралығында ол Абай облысының әкімі болып қызмет атқарды.
Фото: dialog.egov.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі