Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:02, 20 май 2025
Жаналықтар / Ұлан

Сібе көлдеріне баратын жол жөнделеді

Сібе көлдеріне баратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов айтты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

17 мамыр күні Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде туристік маусым ашылды. Шара барысында аудан әкімі Алғабас ауылында қысқы және жазғы туризмді дамыту мақсатында жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. 

Қазір Сібе көлдерінде 1 қонақ үй мен 4 демалыс базасы жұмыс істеп тұр. Былтыр жолдың бір учаскесі жөнделді. Биыл тағы 18 шақырым жолға жолға орташа жөндеу жүргіземіз. Ол үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Сондай-ақ тасжолдан демалыс аймақтарына дейінге жол да жөндеуді қажет етеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. «Аблайкит» археологиялық кешенінің аумағы да биыл абаттандырылады. Заманауи демалыс орындарын салып, туристік маршруттарды дамыту да жоспарда бар, - деді Арман Бекбосынов.

Айта кету керек, соңғы жылдары Ұлан ауданында жазғы және қысқы туризмді дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Жаз мезгілінде суға түсіп, атқа, түйеге міну үшін келетін туристер легі артса, қыста адамдар көлге коньки тебуге келеді. 

Былтыр Сібе көлдерінде 11 500-ге жуық адам демалса, биыл 2 есе көп турист тарту жоспарланып отырған көрінеді.

Фото: F16.kz

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)