Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:37, 20 май 2025
Жаналықтар

Балалар театрға, мұражай мен ұлттық паркке тегін кіреді

Жазғы демалыс кезінде балалар мұражайларға, театрларға, қорықтар мен ұлттық саябақтарға тегін кіреді. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мәдениет министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігіне де балалардың тарихи-мәдени мұра объектілеріне, белгілі туристік аймақтарға баруы үшін әкімдіктердің өңіраралық өзара іс-қимылын үйлестіру тапсырылды.

Батыс өңіріндегі балаларға еліміздің шығыс аймақтарын көріп-білу қызықты болады. Ал оңтүстік облыстардағы оқушылардың солтүстік аймақтарға және керісінше саяхаттап баруын ұйымдастыру қажет. Балалар еліміздің көрікті жерлері мен бай мәдени мұрасын танып-білуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)