F16.KZ
Жарияланды: 14:30, 20 май 2025
Жаналықтар

ШҚО мен Қытай: 2 миллиард долларға келісімдер жасалды

Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында жалпы сомасы 2 млрд АҚШ доллары болатын 13 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды F16.kz

Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған сапары нәтижесінде жалпы құны 2 млрд АҚШ долларына тең 13 меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда өңірде 45 Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. ШҚО-ның сыртқы саудасындағы Қытайдың үлесі 20%-дан, яғни 1 млрд АҚШ долларынан асты. делінген хабарламада.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)