Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 15:07, 20 май 2025
Жаналықтар / Өскемен

Өскеменнен Алакөлге пойыз жүреді

Жазда Алакөлге қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстері іске қосылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Теміржол көлігі:

Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты  арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.

Шығысқазақстандықтар Алакөлге тақ күндері жүретін № 459/460 «Өскемен – Достық» пойызы арқылы жете алады. 

Әуе көлігі:

1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Үшарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталып жатыр.

Автомобиль көлігі:

Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселген.

Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.

Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселген.

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)