Жаналықтар
Заңсыз смартфондарды сатушыға қайтарып беруге болады

Қазақстандықтар тіркелу мерзімі өтсе де тексерілмеген ұялы телефонды сатушыға қайтара алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Оның айтуынша, бүгінде мобильді телефон сататын кәсіпкерлердің дені бұл жаңашылдықтан хабардар.
Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарының негізгі сату орындарында түсіндіру жұмысын жүргіздік. Сатушыларға және сатып алушыларға арналған жарнамалық материалдар ілінді. Қазір Парламент Мәжілісінде «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңға түзетулер енгізіліп жатыр. Соған сәйкес, тексерілмеген телефондарды сатушыға сенімді түрде қайтаруға болады. Егер телефон ашылса және тексерілмеген болса биылғы 25 маусымнан кейін сатушыға қайтаруға болады, өйткені ол ақау бар техника ретінде саналады, – деді Дамир Сейсембеков.
Комитет төрағасы сатушы мен сатып алушы тиісті шарттарды орындай отырып телефонды тексеруден өткізе алады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 25 мамырдан бастап елімізде «қара тізімге» енген, яғни тиісті тексеруден өтпеген телефондар байланыс желісінен ажыратылады деген. Кейін ұялы телефондарды бұғаттау мерзімі 25 маусымға шегерілді.
Фото: F16.kz/коллаж
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы