Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 13:38, 21 май 2025
Жаналықтар / Басты

Оқушылар жазда қай жерлерде жұмыс істей алады?

Қазақстандық оқушылар енді Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы өз бетінше жұмыс іздей алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, платформада арнайы «Менің жазғы демалысым» атты бөлім іске қосылған. Онда 14 жастан асқан оқушылар жеке кабинет ашып, түйіндеме толтырып, өзіне ыңғайлы бос жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік бар.

Оқушылардың жеке кабинетін заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) қадағалай алады.

Министрлік мәліметінше, жазғы маусымда ұсынылатын жұмыстардың айлық жалақысы 90 000 теңгеден кем емес.

Онлайн курстар да қолжетімді

Бұған қоса, оқушылар Skills.Enbek платформасы арқылы әртүрлі мамандықтар бойынша онлайн курстардан өте алады. Қазіргі таңда жүйеде 1 294 курс бар, оның ішінде 322 курс — тегін. Ал ерекше қажеттілігі бар жастарға бейімделген 67 курс қарастырылған.

Әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі 

Министр өз сөзінде жазғы жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті әкімдіктер тарапынан ұйымдастырыла беретінін атап өтті. Мұндай жұмыстарға қатысатын оқушыларға ай сайын кемінде 24 АЕК (94 368 теңге) көлемінде жалақы төленеді.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)