Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 15:48, 21 май 2025
Жаналықтар

Тұрғын үй кезегі: кімдерге басымдық беріледі?

24 мамырдан бастап ел азаматтары үй кезегіне жіргілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады. Бұл туралы "Отбасы Банк" АҚ ШҚО филиалының директоры Назигүл Аккулова айтты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Тұрғын үй кезегіне 24 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап orken.otbasybank.kz порталы арқылы тұруға болады. 

Жүйе өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Мемлекеттік қолдауға келесі санаттағы азаматтар үміткер бола алады:

-          Кәмелетке толған;

-          Соңғы бес жылда меншігінде тұрғын үйі болмаған;

-          Жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар.

Есепке қою рәсімі бір жұмыс күнін алады. Егер өтінішке қосымша құжаттар (мысалы, апаттылықты растайтын құжаттар) тіркелсе, қарау мерзімі үш жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Демалыс күндері берілген өтініштер келесі жұмыс күнінен бастап қаралады.

Баспананың кемінде 70%-ы келесі басым санаттарға беріледі:

-          Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттер аумағындағы іс-қимылдар ардагерлеріне; 

-          Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-          Көп балалы отбасыларға;

-          Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыға;

-          1 және 2 топтағы бар адамдарға

-          Әйелі қайтыс болған еркектерге және жесірлерге.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)