ШҚО-да онкологиялық сақтық бойынша оқыту басталды
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бір апта бойы БМСК мамандары үшін онкологиялық сақтық бойынша оқыту жүргізіледі.
Емханалар - өңірдің онкологиялық қызметін дамытудағы маңызды буын. Дәл осы БМСК ұйымдарында профилактикалық тексерулер, скринингтер жүргізіледі, тексеру және дәрігерге дейінгі кабинеттер жұмыс істейді, олар қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Қатерлі ісіктің алдын алу тиімділігі БМСК мамандарының біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан Онкологиялық орталықта қалалық және аудандық емханалардың медицина қызметкерлері үшін тұрақты семинарлар мен дәрістер өткізіледі, онда онкологиялық сақтық мәселелері, тексерулер мен скринингтер жүргізу әдістемелері, сондай-ақ онкопроцесске күдік туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмдері егжей-тегжейлі талданады.
Оқытушылар ретінде Онкологиялық орталықтың директоры, ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сагидуллина, орталықтың хирург-онкологтары Архат Қамзанов, Асель Карабалаева, Зейн Мейрманов сөз сөйлейді.
Бір апта ішінде 50-ден астам БМСК маманы оқудан өтеді.
Фото: Онкологиялық орталық