F16.KZ
Жарияланды: 15:00, 15 апрель 2025
Катонқарағай / Жаналықтар / Басты

Әуежай құрылысы кезінде бүлінген жолды мердігер ұйым қалпына келтіреді – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында салынып жатқан әуежай құрылысы кезінде бүлінген республикалық автожолдың бөлігін мердігер компания қалпына келтіретін болды, деп хабарлайды F16.kz.

Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тас жолының бүлінген учаскесін өз қаражатына жөндеу міндеттемесін компания бас мердігермен үшжақты келісім арқылы бекітті. Компания жөндеу жұмысын кезең-кезеңімен жүргізеді, оның ауқымы мен мерзімін әріптестерімен келісе отырып атқарады.

Бұл жолдың жергілікті тұрғындар мен туристер үшін маңызы зор екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан құрылыс материалдарын жеткізу барысында зақымданған учаскені қалпына келтіруге дайынбыз. Жөндеу жұмысы уәкілетті органдармен келісе отырып кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деді компанияның өкілі Әсет Сұлтанов.

Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енді және ресми түрде тоқтатылғанға дейін жарамды болады. Құжат Шығыс Қазақстанның маңызды көлік бағыттарының біріндегі инфрақұрылымды сақтауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 14 сәуірдеF16.kz редакциясына катонқарағайлық тұрғындар хат жолдап, “Белқарағай ауылы маңында әуежай салып жатқан мердігер компанияның 40 тонналық алып жүк көліктері Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары жолының тас-талқанын шығарды” деп шағымданған. Жолдың бүлінгені туралы фото-видео жазбалар әлеуметтік желілерде таралып, қоғамның қызу талқысына түсті.

Жауапты сала мамандарының айтуынша, әуежай құрылысы кезінде аталған республикалық жолдың 252-ші шақырымнан 311-ші шақырымына дейінгі аралығы шынымен де бүлінген. Құрылыс материалдарын тасымалдаған ауыр техниканың қарқынды қозғалысы салдарынан жол жабыны мен инженерлік құрылыстар зақымдалған.

Сонымен қатар жолдың бүлінуіне көктем кезінде топырақта, оның ішінде жол жабынында ылғалдың шектен тыс мол болуы да әсер еткен. Мұндай кезде ылғал жол жамылғысының бірнеше қабатына дейін бойлап, топырақ қабатының беріктігін төмендетеді.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде