Марқакөл / Не жаңалық? / Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай
Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жоба жүзеге асырылмақ
Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ШҰАА-дағы Қанас және Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлдерін бір туристік бағытпен байланыстыру көзделген.
Қазіргі таңда ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қанас көліне жыл сайын келетін ішкі туристер саны 10 миллионнан асады. Оның жер бедері мен табиғаты Марқакөл көлімен ұқсас келеді. Бірақ Шығыс Қазақстандағы көл одан бірнеше есе үлкен. Сондықтан оның туристік әлеуеті де жоғары. Өкінішке қарай, Марқакөлде әлі қажетті инфрақұрылым жоқ. Дегенмен табысты жұмыс істеп тұрған туристік жобамен байланыс орнату келушілер санын арттыруға үлес қосатын болады.
- Жобаның бірегейлігінің арқасында мыңдаған туристі тартуға мүмкіндік туады. Қазір Теректі ауылы маңында жаңа шекара өткелін ашып, көлге тікелей жол салу мәселелері талқылануда, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Дереккөз және фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер:
Қытайға жеткен Зайсанның газы ауылдарға неге жетпеді?
Өскеменге жаңа әкімді қашан тағайындайды?
Ермек Көшербаев: «Уақыт белдеуіне қатысты сұраққа министрлік жауап берсін»
«Неге халықтан қашып жүрсіз?» - ШҚО әкіміне Маралдыға қатысты сұрақ қойылды
Үш ауданды байланыстыратын тасжол қашан пайдалануға беріледі?
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ермек Көшербаев еліміздің ең үздік 5 әкімінің қатарында