F16.KZ
Жарияланды: 15:00, 01 май 2025
Марқакөл / Басты

Шекара түбіндегі Марқакөлден Өскеменге автобус жүре бастады

Шығыстың бас қаласы Өскеменнен 450 шақырымдай қашықта жатқан шекара түбіндегі Марқакөл ауылынан облыс орталығына жолаушылар автобусы шықты. Бұл сапарды жергілікті тұрғындар көп жыл күтті, деп хабарлайды F16.kz.


Араға көп жыл салып алғашқы рейске шыққан жолаушылар автобусын аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихаттың төрағасы Мамырбек Қалелов және ауыл ақсақалдары арнайы шығарып салды. Қариялар ақ батасын беріп, әжелер шашу шашып, сәт сапар тіледі.

Аудан халқы үшін бұл — жай ғана көлік емес, үлкен үміт пен өркендеудің бастамасы. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм сияқты өмірдің барлық саласына оң әсер етпек. Жаңадан ашылған рейс ауыл тұрғындарының ғана емес, шалғайдағы өңірде туризмді дамытуға серпін бермек.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба