F16.KZ
Жарияланды: 21:00, 03 май 2025
Риддер / Жаналықтар / Басты

Министр күрек ұстады: «Таза Қазақстан» бос ұран емес

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарында болды, деп хабарлайды F16.kz.

Ведомство басшысы Асубұлақ, Верх-Уба орман шаруашылықтарын аралап, ағаш егу жұмыстарын көрді. Табиғат жанашырларымен тілдесіп, олардың еңбекақысы, материалдық-техникалық жағдайы туралы хабардар болды.

Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі – орман өртінің алдын алу. Былтыр жаз маусымы жауын-шашынды болғандықтан шөп бітік шықты. Ал биылғы жаз аптап ыстық болады деген болжам бар. Оның үстіне қураған шөп те мол. Ұшқын тисе кез келген уақытта лап ете қалады. Бұл жағдай орманшы қауымды ойландырып қойды.

Орман шаруашылығы мекемелеріне биыл лизингпен біршама техника беріледі. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысына 47 автоцистерна, 43 трактор, 34 кіші орман өрті кешенін сатып алу жоспарда бар, - деді Ерлан Нысанбаев .

Министр Риддер орман шаруашылығының қызметімен танысып, мекеменің құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуін көрді. Мамандармен сөйлесіп, өрт қауіпті кезеңге дайындығын көрді. Риддер аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен бірге көшет екті.

 

Бүгін ағаш отырғыздық. Бұл да бір тарихи сәт. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосып, атсалысқан белсенді жастардың экологияға көзқарасы көп нәрсені аңғартып тұр. Мемлекет басшысының бастамасы тек халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып қоймай, жастардың патриоттық сезімін оятты, - деді министр.

Президент тапсырмасына сәйкес республика көлемінде 2 млрд түп ағаш егу міндеті тұр. Биыл Шығыс Қазақстанда 15,7 миллион ағаш егіледі.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармас

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері
30.04.25, Өскемен / Жаналықтар / Басты
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде