admin
Жарияланды: 21:00, 23 октябрь 2024
Өскемен / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Сарбазды гранатадан құтқарған подполковник ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

 Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен бірқатар әскери қызметкерлер марапатталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарын алды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Оның ішінде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник  Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ұлттық ұлан қызметшісіне мемлекеттік награданы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыстады.

Естеріңізге салсақ подполковник  Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде кенеттен жарылған жауынгерлік гранатадан жас сарбазды өз денесімен жауып қалған. Офицер өзі жарақаттанды, ал сарбаз дін-аман.

Қазіргі таңда подполковник Шемет өз қызметін ары қарай жалғастырып жатыр. 


Фото: «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының баспасөз қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)