Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:12, 07 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменде «Onay!» жүйесі іске қосылды

Бүгіннен бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде Onay жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды F16 тілшісі.
Яғни, осыған дейін қолданыста болған «Oskemencard» жүйесі мен екінші деңгейдегі банктер арқылы төлем жүргізілмейді. 
Шаhар тұрғындары пластикалық картаны сатып алмай-ақ мобильді қосымшадағы виртуалды карта арқылы жол ақысын төлей алады. Виртуалды картаны ONAY! мобильді қосымшасында толтыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ONAY! жүйесі іске қосылғаннан кейін қаражатты қайтару туралы өтінішпен Қазақстан, 154 мекенжайы бойынша ЖТБО-ға жүгінуге болады.

Ал, төлем картасын төмендегі мекенжайлардан алуға болады:

·         «Металлург» СҮ, Н. Назарбаев даңғылы 37.

·         Н. Назарбаев даңғылы 83/1, «Мыломойка» бөлімі.

·         Өскемен қаласының теміржол вокзалы, Мызы көшесі, н/ж.

·         «Әлем» СҮ, 2 қабат, «Ежевика» бөлімі, Қабанбай батыр даңғылы 142.

·         ЦУМ СО, 1 қабат, Максим Горький көшесі 71.

·         «АДК River» СҮ, 1 қабат, ұялы телефондарды жөндеу, Қазақстан көшесі 62.

·         «Эмилия» СҮ, Әуезов даңғылы 11/1.

·         Шағын маркет «ХанТоғас», Б. Момышұлы көшесі 17.

·         «Береке» дүкені, Рига көшесі 19 (Сол жағалау).

·         «Әділ» дүкені, Аблакетка, Островский көшесі 6.

·         «Бағдаршам», Защита, Теміржолшылар көшесі, 114.

·         «Харизма» дүкені, Бажов көшесі, 333.

·         «Ел-еңбек» СҮ, Б. Шаяхметов көшесі, 12.

·         «Мұхит» СҮ, 1 қабат, балалар тағамы бөлімі, Өтепов көшесі, 25/2.

  • Қаныш Сәтпаев даңғылы 14/2, 1 қабат, «Belle jardin» бөлімі.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)