Өскеменде тазалық акциясы басталды

Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында екі айлық сенбілік басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыстың бас шаһарында санитарлық тазалық жұмыстарының бастамасы ретінде алғашқы сенбілік өтті.
Облыс орталығының кейбір аудандарында қар әлі толық еріп үлгермесе де тұрғындар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, белсенділер мен кәсіпкерлер ортақ іске жұмыла кірісті. Нәтижесінде тұрғын үйлердің ауласы мен көшелер, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Тазалық акциясына жиыны мыңнан астам адам, қатысты, 23 техника жұмылдырылды. Жалпы ауданы 26 мың шаршы метр аумақ тазаланып, 378,2 текше метр қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 48 рұқсатсыз қоқыс орны жойылғанын айта кету керек. Шағын және орта бизнес өкілдеріне, пәтер иелері кооперативтеріне тазалық талаптарын сақтамағаны үшін 200-ден астам ескерту жасалды.
Сонымен кезекті тазалық айлығы басталды. Бір айта кетерлігі, бұл сенбіліктер шеруі екі ай көлемінде жүргізіледі.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект




