Өскемен
Өскемендегі Комендантка көпірі кеңейтіледі

Комендантка көпірі төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейтілмек. Қазіргі уақытта жоба әзірленіп жатыр, деп хабарлайды F16 тілшісі.
Шаhар басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, бұл Назарбаев даңғылындағы кептелісті азайтуға ықпал етеді.
Назарбаев даңғылында көлік ағыны өте көп, кептеліс жиі болатыны белгілі. Сондықтан көпірді кейетуге жоба әзірленіп жатыр. Жобаның құны шамамен екі миллиард теңгені құрайды. Жұмыстарды жүргізу барысында тұрғындар үшін қолайсыздық туындауы мүмкін, бірақ онсыз болмайды, - деді қала әкімі.
Айта кетейік, аталған жұмыстар 8,5 айға созылуы мүмкін. Жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс толығымен жабылмайды. Десе де бір жолағы жабылып, жүргізушілерге қиындық туғызуы мүмкін.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар